Қостанайда су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

19.06.2026 15:52

Облыс аумағында шомылуға арналған 26 арнайы орын бар

Тобыл өзені бақылауда. Қостанайда су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері күн сайын өзен жағалауын тексеріп, тұрғындарға арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылудың қаупін ескертіп жүр.

Шомылу маусымы басталғалы өңірде бес адам суға батыпғ көз жұмды. Олардың үшеуі – балалар. Мамандар жағалауда демалушыларға ақпараттық ескертулер таратып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазір облыс аумағында шомылуға арналған 26 арнайы орын бар. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 250-ден астам жабдықталмаған жер анықталған. Қатері жоғары 3 учаскеде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған

«Бес мобильді топ күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізуде. Тұрғындарға су айдындарында шомылу ережелері түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау, алкогольдік ішімдік ішпеу және мас күйде суға түспеу жөнінде ескертіледі. Сондай-ақ белгіленген аумақтан асып жүзуге болмайды. 2025 жылғы шомылу маусымы барысында қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға қатысты 38 әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Жаншурин.

Оқи отырыңыз: Алакөлдегі қауіпсіз демалыс: туристік полиция курорттағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде