Қостанайда жол апатынан бес адам зардап шекті

Олардың екеуі бала

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай қаласының орталығында жол апаты болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv

Оқиға кешкі кептеліс уақытында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан автокөлікке жол бермеген. Апат салдарынан бес адам медициналық көмекке жүгініпті. Олардың екеуі бала. Қазір оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Алдын ала дерек бойынша, «Kia» автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Осыған байланысты жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға және көше қиылыстарынан өту кезінде барынша мұқият болуға шақырамыз», – деді Қостанай облыстық Полиция департаментінің анықтаушысы Әлішер Күшекбаев.

Оқи отырыңыз: Полицейлер заңсыз саудаға шығарылған қару-жарақты тәркіледі

Новости партнеров