ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы тағайындалды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды
Ғалымжан Қойшыбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.
Философия ғылымдарының кандидаты.
-
1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.
-
2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.
-
2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.
-
2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
-
2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
-
2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
-
2016–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.
-
2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
-
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.
-
2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
-
2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.
-
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
-
2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Ордендер: «Құрмет», Латвия Республикасының «Крест признания» ордені, Финляндияның Лев ордені (1-класс Командоры), «Парасат» (2020ж);
Мерейтойлық медальдар: «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015ж), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016ж), «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017ж), «Астана 20 жыл» (2018ж), «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2019ж)
Құрмет грамоталары: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Құрмет грамотасы (2017ж), «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (2019ж).
Оқи отырыңыз: Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды