Кәріз құбырын ауыстырған: Қарағандыда екі азамат көз жұмды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда қос бірдей азамат кәріз құбырын ауыстырамын деп қаза тапты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Қайғылы жағдай таңертең болған. «НС Система» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшылары нәжіс суы толған құдыққа жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіп жатқан. Сол сәтте кенеттен жер опырылып кетіп, екі бірдей қызметкер топырақ астында қалған. Өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгінде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы, 3-тармағы яғни, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан тау-кен құрылысын жүргізу барысындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу бабымен іс қозғалды. Жедел тергеу тобымен оқиғаның мән жайы анықталуда», – деді  Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Алатау қаласында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекетке қайтарды

Новости партнеров