Қазір елімізде жетім балаларды отбасына орналастырудың 4 түрі бар
Бүгіннен бастап Қазақстанда кәсіби қабылдаушы отбасы жүйесі енгізіледі. Енді жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жанұяға жаңа форматта қабылдана алады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Оқу ағарту министрлігінің ақпарына сүйенсек, енді арнайы даярлықтан өткен адамдар өз тәрбиесіне 4 балаға дейін ала алады. Мұндай отбасыларға мемлекет тарапынан екі түрлі қолдау көрсетіледі. Біріншісі - балаға арналған ай сайынғы жәрдемақы, екіншісі - тәрбиеші ретінде еңбекақы төленеді.
Айта кетейік, қазір елімізде балаларды отбасына орналастырудың 4 түрі бар. Олар асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы.
«Қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде психологиялық дайындықтан өтуі тиіс. Оқыту жетім балаларға арналған мекемелерде, сондай-ақ балаларды отбасына қабылдауға ниетті адамдарды оқытуға құқығы бар аккредиттелген ұйымдарда жүргізіледі. Қамқоршылық органдары үміткерлерді іріктеу және даярлау жұмыстарын қазірден бастап белсенді түрде жүргізіп жатыр. Кандиттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдар қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығымен заң талаптарына сәйкес қабылданады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз хатшысы Мадина Бисембаева.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы қашан басталады