Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы қашан басталады

Санақ онлайн және тікелей сауалнама арқылы екі кезеңде өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 1 тамызда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл маңызды науқан жеке қосалқы шаруашылықтардан бастап, ірі агрохолдингтерге дейінгі барлық нысанды қамтиды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Санақ екі кезеңде өтпек. Алғашқысы 1-31 тамыз аралығында интернет арқылы онлайн сауалнама түрінде жүргізілсе, екіншісі 20 қыркүйек-20 қазан аралығында планшеттер көмегімен үй шаруашылықтарын аралап, тікелей дерек жинау арқылы жүзеге асады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл санақ ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жағдайын нақты бағалап, аграрлық саясатты тиімді жоспарлау мен саланың дамуын болжауға қажет деректерді жинау үшін өткізілмек.

«Ауыл шаруашылығы санағы кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жеке қосалқы шаруашылықтарын, үй шаруашылықтарын, одан бөлек, фермерлік қожалықтарын, жеке кәсіпкерлердің ұйымдарындағы мал басының саны, жер телімі оларда тіркелген техникалардың саны, олардағы егістік алқаптары бойынша ақпарат жинастырамыз», - деді ҚР Ұлттық статистика бюросы департамент директорының орынбасары Нұржан Сәрсенбаев.

Оқи отырыңыз: Ұлытауда жемқорлардан қайтарылған қаржыға 11 әлеуметтік нысан салынып жатыр

Новости партнеров