Ақша беру кезінде блогерді полиция қызметкерлері ұстады
Жетісу облысында кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы бойынша Қаратал аудандық сотында аса ірі мөлшерде қорқытып алуға (ҚК-Белгілі болғандай, 2024 жылы қараша айында Каратал ауданының тұрғыны, яғни әлеуметтік желіде 29 000-нан астам жазылушысы бар блогер кәсіпкерден ақша босалаған.
«Блогер қылмыстық ниетпен бұған дейін өзінің Instagram желісіндегі парақшасында Каратал ауданындағы сапасыз құрылыс туралы жариялаған бейнематериалдарын өшіру үшін кәсіпкерден 10 миллион теңге талап еткен. Сонымен қатар ол кәсіпкердің іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ұқсас материалдарды таратамын деп қорқытқан», - делінген сот хабарламасында.
Ақша беру кезінде блогерді полиция қызметкерлері ұстады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен және өзге де қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
«Сот үкімімен П. ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеумен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап ішінара қанағаттандырылып, 350 мың теңге өндірілді», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз: Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген: Маңғыстауда ер адамға қылмыстық іс қозғалды