Кәсіпкерді пара беруге итермелеген тұрғын 11 жылға сотталды

20.05.2025 16:23

Аталған деректі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жария етті

Кәсіпкерді пара беруге итермелеген Алматы тұрғыны 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәлім болғандай, азамат «Чапаев – Жаңақала – Сайхин» автожолын жөндеуге қатысты келісімшартқа әсер ете алатынын айтып, облыстық әкімдікте танысым бар деп сендірген. Яғни ол келісімдегі соманың 30 пайызын алдын ала төлеуге көмектесемін деп кәсіпкерден 50 млн теңге алған. Аталған деректі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жария етті.

«БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының тұрғыны Е. Байқожаға қатысты үкім шығарды. Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Оқи отырыңыз: Оқушы қызбен қонақүйге барған күдікті мектепте жұмыс істемеген