Кәсіпкердің кемшілігіне көз жұмған: Қызылордада мониторинг топтың мүшесі сотталды

30.07.2025 13:59

Азаматқа жәрдемдескен кәсіпкерге 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты

Қызылордада «Даму бала» платформасымен жұмыс істейтін бизнес иелерінің кемшілігіне көз жұмған мониторингтік топтың мүшесі сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қылмыстық кодекстің «алаяқтық», сондай-ақ «қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру» бабы бойынша іс қозғалды. Бақылаушы қызмет бабын пайдаланып, жеке кәсіпкер арқылы 88 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген деген күдікке де ілініп отыр. Сот үкімімен мониторинг топтың мүшесі 6 жылға  бас  бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар оған коммерциялық ұйымдарда және басшылық лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым салынды. Ал азаматқа жәрдемдескен кәсіпкерге 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

«Аталған қылмыстық іс 13 эпизодтан тұрады. 13 эпизодта жеке кәсіпкерлерге қатысты жасалған қылмыс. Жәбірленушілерге 88 млн 290 мың теңге қызмет бабын пайдалана отырып иемденген және қылмыстық жолмен алынған ақшаны мәмілелер жасасу арқылы заңды айналымға тартып, мүліктік құндылықтар сатып алған», – деді Қызылорда қалалық № 2 сотының судьясы Жұлдыз Жәкеева.

Оқи отырыңыз: Бақытжан Байжанов жазасын мерзімінен бұрын аяқтайды