Құқықтық дәріхана: Алматының халықаралық әуежайында түсіндіру акциясы өтіп жатыр

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты күшейтіп, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құзырлы орган өкілдерімен ашық диалог орнату маңызды. Алматының халықаралық әуежайында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Құқықтық дәріхана» атты түсіндіру акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты күшейтіп, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Акция аясында тегін заң көмегі көрсетіліп, жолаушылардың қауіпсіздігін қорғау, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, сондай-ақ күнделікті өмірде туындайтын өзге де  мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Айта кетейік, аталған іс-шара апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері ұйымдастырылады.

«Авиациялық көлік прокуратурасының өкілдері мектеп пен жоғары оқу орындарында да түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әуе хабы кеңейіп келеді, сәйкесінше жолаушылар ағыны артқан. Солардың ішінде жастар кейде орынсыз әзілдеп, сөмкелерінде қауіпті заттың барын айтты. Ал түптеп келгенде мұның бәрі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын түсінбейді. Мұндай мысалдар өте көп. Сондықтан бұл іс-шараның азаматтарға берері мол деп ойлаймын», – деді Авиациялық көлік прокуратурасының аға прокуроры Айжан Тайбекова.

«Мен басқа елдің азаматтығын алып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан автоматты түрде айырылатынымды білмедім. Мен қос азаматтық болады деп ойладым. Бірақ олай емес екен. Осы мәселеде маған көмектескен прокуратура өкілдеріне алғыс айтқым келеді», – деді Мәскеу қаласының тұрғыны Александр Исмамбетов.

Оқи отырыңыз: Жастар жаңа Конституция жобасын қолдайды - Злиха Асабай

Новости партнеров