Құрдасын бопсалаған: Атырау облысында 35 жастағы азамат ұсталды

Ол танысынан 2,5 миллион теңге талап еткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда құрдасын бопсалап, ірі көлемде ақша жымқырғысы келген 35 жастағы тұрғынның әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ол танысынан 2,5 миллион теңге талап еткен. Зардап шегушінің арызынан кейін құқық қорғаушылар бопсалаушыны құрықтады. Тінту кезінде жәбірленушіден алып үлгерген 2,2 миллион теңге тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

«Жедел іздестіру барысында тұрғыннан 2,5 млн теңге бопсалады деген күдікпен Индер ауданының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде күдіктіден бопсалау жолымен алынған 2 млн тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Полиция азаматтарды заңсыз талаптарға көнбеуге және осындай деректерге тап болған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады», – деді Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Өмірбек Шайпенов.

Оқи отырыңыз: Үкімет заңсыз әкелінетін көліктерге бақылауды күшейтеді