Ақпараттық хабарлама
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу барысында сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ-ның «AlmatyTV» телеарнасында эфир уақытын және Almaty.tv сайтында интернет кеңістігін ұсынудың жалпы шарттары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуге байланысты сайлауалды үгіт материалдарын тарату жөніндегі күнтізбелік жоспарының тиісті тармақтарына сәйкес, «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ – «AlmatyTV» телеарнасының меншік иесі (бұдан әрі – Телеарна) ақпараттық материалдарды орналастыру үшін Телеарнаның эфир уақытын ұсыну құны, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.
Материалдарды орналастыру 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-де басталып, 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады.
Ақпараттық материалдардың саны, ұзақтығы, эфирге орналастырылатын болжамды күні мен уақыты шартта көрсетіледі.
Телеарнаның эфир уақыты төменде көрсетілген ақпараттық материалдарды орналастыру арқылы ұсынылады:
3) өзге де ақпараттық материалдар.
Ақпараттық материалдарды орналастыруға өтінімдер 2026 жылғы 15 шілдеден бастап 17 тамызға дейін, жұмыс күндері күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 88А үй, 211-кабинет. Байланыс телефоны: +7 (727) 339-39-01, ішкі 270.
Ақпараттық материалдарды орналастыру үшін ұсынған тараптар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы талаптарға сәйкестігіне жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген талаптар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ шарт талаптары бұзылған кезде ақпараттық материалдарды орналастыру жүзеге асырылмайды немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Телеарна ақпараттық материалдарды орналастырудан, егер оларда конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру идеялары, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, сословиелік және рулық алауыздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары қамтылған жағдайда бас тартады.
Телеарна ақпараттық материалдарда үшінші тұлғалардың ар-ожданына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда, оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.
Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін Almaty.tv сайтында эфир уақытын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы толық ақпаратпен МЫНА ЖЕРДЕН таныса аласыз.