Құрылтай сайлауы: 20 өңірде тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істейді

21.08.2026 18:37
Almaty.tv

Құрылтай сайлауы күні 20 аймақта тәуелсіз бақылаушылар қызмет етеді. Олар дауыс беру барысы туралы қоғамға жедел әрі тексерілген ақпарат таратып, штабқа жеткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай іс-шаралар кезінде жалған мәліметтер жиі тарайды. Сондықтан штабтың басты мақсаты –  қазақстандықтарға тек расталған ақпарат ұсыну.

Айта кетейік, бұған дейін ақпараттық штаб республикалық референдумда жұмыс істеген.

«Елде мұндай ақпараттық штаб бұрын болған емес. Бұл азаматтық қоғамның заман талабына сай дамып, кәсіби деңгейде жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Негізгі мақсатымыз – қоғамды өзекті әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. Әр өңірде өз өкілдеріміз бар. Байқаушылар қоғамға дауыс беру қалай өтіп жатқанын жеткізеді. Қажет болған жағдайда олар оқиға орнынан штабпен тікелей байланысып, мәлімет береді. Сол ақпараттың негізінде үздіксіз эфир ұйымдастырылады», – деді Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабының жетекшісі Рафаэль Гасанов.

Оқи отырыңыз:  Құрылтай сайлауы: ел учаскелерінде 2 онлайн сервис іске қосылады

Толық көрсету