Құрылтай сайлауы: алғашқы Еxit poll нәтижесі белгілі болды

Almaty.tv
Almaty.tv

Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бір палаталы Құрылтай сайлауының Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысына сенсек, Мәжіліс сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың даусын былай бөліскен:

1. «Әділет» партиясы – 71,8%,
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 6,4%,
3. Respublica партиясы – 5,4%,
4. Қазақстан халық партиясы – 3%,
5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 5,1%,
6.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2%,
7. «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,

«Бәріне қарсымын» бағаны – 2,1%.

Сауалнамаға 30 мың сайлаушы қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, тұңғыш Құрылтай сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 9 млн 350 мыңнан астам сайлаушы дауыс берген.

Сағат 20.41-дегі мәліметке сүйенсек, Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берген. 

Оқи отырыңыз: ІІМ: Бірде-бір сайлау учаскесінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілеріне жол берілген жоқ