Құрылтай сайлауы – елдің саяси дамуындағы жаңа кезеңнің маңызды белесі. Сондықтан алдағы саяси науқанға азаматтардың белсенді қатысуы мен таңдау жасауы айрықша мәнге ие. Бұл - зиялы қауым өкілдерінің пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Олардың пайымдауынша, бір палаталы құрылтайдың құрылуы – ел өміріндегі елеулі өзгеріс. Сондықтан бұл сайлаудан халықтың күтері де көп, үміті де зор.
«Конституциямыздың жаңа редакциясы қабылданды. Елімізде үлкен саяси кезең басталып жатыр. Соның бірі – Құрылтай сайлауы. Болашағымыз осы саяси өзгерістерге тікелей байланысты», – деді ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып.
«Мынау бұрынғы қос палаталы парламентіміз енді жалғыз палаталы құрылтайға айналып отыр. Сондықтан менің пікірім, бұл – қазақстандықтар үшін маңызды өзгеріс, маңызды кезең. Өзімізде байқап жүрміз, жылдан-жылға халықтың өзіріне немқұрайлы қарамауға үйреніп келе жатырмыз. Сондықтан бұл сайлаудан күтетін үмітіміз зор», – деді техника ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Телтаев.
Оқи отырыңыз: ЖИ сайлау науқандарының жаңа шындығына айналып келеді – сарапшы