Құрылтай сайлауы: елімізде азаматтардың 70 пайызы дауыс беруге ниетті

24.07.2026 15:50

Зерттеу 8 шілдеден бастап 12 күн бойы телефон арқылы жүргізіліп, оған еліміздің барлық өңірінен 1200 респондент қатысқан

Елімізде азаматтардың 70 пайызы алдағы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті. Мұндай нәтиже Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген әлеуметтік сауалнама барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зерттеу 8 шілдеден бастап 12 күн бойы телефон арқылы жүргізіліп, оған еліміздің барлық өңірінен 1200 респондент қатысқан. Сауалнама қорытындысы қоғамның алдағы саяси науқанға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетіп, азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігін бағалауға мүмкіндік берген.

«Еліміздегі заң шығарушы орган құрамына айтып отырған 145 депутаттың құрамына заңгерлер, еліміздің экономикасын жаңғақша шағатын экономистер, нағыз ұлтшыл, отаншыл азаматтар барса жаңа өкілетті орган елдің игілігі үшін жұмыс істейді деп ойлаймын», – деді Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің професоры Досалы Салқынбек.¤

Ал зиялы қауым өкілдерінің пікірінше, Құрылтай депутаттығына үміткерлерін ұсынған жеті саяси партия енді халық сеніміне ие болу үшін нақты ісі мен айқын ұстанымын көрсетуі тиіс. Олардың сайлауалды бағдарламасы құр уәдемен шектелмей, қоғамның көкейкесті мәселелеріне жауап беріп, көпшілікке қажетті нақты ұсыныстарға құрылуы керек екенін айтады.

«Негізгі саяси мәдениет жоғары болуы керек. Жаңа үрдістер бар. Қарасаңыздар бұрыңғыдай партиялар қатысатын болды. Олар додаға түсіп белсенділігін дәлелдеуі керек. Көбісі жаңа партия ребрендинг жасап жатыр ғой. Басшыларын ауыстырып, басқаша дегендей. Бірақ өздері ашық күресте жеңіске жетуі керек. Халыққа бағдарламасын дәлелдеу керек», – деді ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

Оқи отырыңыз: Сайлау алдындағы онлайн-сауалнамалар: мамандар ескерту жасады