Құрылтай сайлауы: «Қазақстан халық партиясынан» 72 кандидат ресми тіркелді

Тізімде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастар да бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақстан халық партиясынан» Құрылтай сайлауына қатысу үшін ұсынылған 72 кандидат ресми тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, үміткерлер Конституция мен конституциялық заң талаптарына сәйкестігі бойынша тексеріліп, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Партия ұсынған кандидаттардың 30-ы әйелдер. Сондай-ақ тізімде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастар да бар.

Айта кету керек, аталған саяси ұйым сайлау жарнасын төлеуден босатылды. Себебі, Мәжіліс депутаттарын сайлау кезінде партия сайлаушылардың бес пайыздан астам дауысын жинаған болатын.

«Қазақстанның халық партиясының» Құрылтай сайлауына ұсынылған партиялық тізімінің тіркелуімен саяси партияның басшылығын құттықтай отырып, сәттілік тілейміз. Орталық сайлау комиссиясының аппаратына партиялық тізімді тіркеу туралы хабарды барлық жаңа қаулыда көрсетілген сұрақтардың бәрін уақытылы шешуін қамтамасыз етіңіздер», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз: Алматыда Н. Сац атындағы театрды реконструкциялау жұмыстары тамыздың ортасында аяқталады