Құрылтай сайлауы күні бірқатар қалада қоғамдық көлік тегін қатынайды

23.08.2026 11:50

Бұл тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне еркін жетуіне мүмкіндік береді

Бүгін Құрылтай сайлауына байланысты еліміздің бірқатар қаласында тұрғындар қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Елордада тегін жол жүру Tarlan Astana LRT жүйесінде, қалалық, экспресс және қала маңы бағыттарында қарастырылған.

Алматыда автобус, троллейбус пен метрода жол жүру ақысыз болса, Шымкентте барлық автобус бағыты тәулік бойы тегін қызмет көрсетеді. Өзге қалаларда да осындай жеңілдік енгізілген.

Бұл тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне мүмкіндік беру үшін ұйымдастырылып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда 14 мыңға жуық жас алғаш рет дауыс береді

Толық көрсету