Құрылтайда UNFPA-мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

t.me/quryltairesmi
t.me/quryltairesmi

Кездесу нәтижесінде тараптар сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан бойынша БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA) өңірлік бөлімшесінің басшысы Чинве Огбоннамен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Құрылтайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ кездесуге Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов және Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова қатысты.

Тараптар Қазақстанның UNFPA-мен ынтымақтастығының өзекті бағыттарын, соның ішінде демографиялық даму, репродуктивті денсаулық, гендерлік теңдік, әйелдердің құқығын қорғау және олардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.

«Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін іске асыру, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше мән берілді.

Кездесу нәтижесінде тараптар сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, практикалық ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде әйелдердің құқығын қорғау және гендерлік теңдікті нығайту мәселелері бойынша заңнамалық қызмет шеңберіндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Оқи отырыңыз: Президент: Отбасы — ұлттың бірегей болмысын айқындайтын маңызды институт