Құрылтай Төрағасының орынбасарлары мен тұрақты комитеттері жасақталды

28.08.2026 16:43

Құрылтайда сегіз тұрақты комитеттің төрағалары сайланды

t.me/quryltairesmi

Депутаттар Құрылтай Төрағасының орынбасарларын сайлады, деп хабарлайды Almaty.tv

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды. Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.

Сонымен қатар Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды.

Олардың төрағалары:

  • Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;
  • Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;
  • Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
  • Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;
  • Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
  • Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;
  • Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;
  • Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті болып сайланды.

Сондай-ақ Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің мүшелері сайланды.

Атап айтқанда:

Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті:

  • Айжан Сқакова, Бауыржан Жамалов, Бота Елеусізова, Мағжан Ералиев, Шынасыл Ерназар, Руслан Идрисов, Мұрат Иргибаев, Замира Кузиева, Аслан Құлмағамбетов, Дәурен Маралов, Айжан Наимбекова, Ербол Нұрғалиев, Сергей Пономарев, Русана Сулаймонова, Әбілхайыр Тамабек, Арман Хайруллин.

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті:

  • Асхат Рахимжанов, Жарқынбек Амантай, Жанарбек Әшімжанов, Зульфия Байсақова, Айнагүл Балташева, Елдос Баялышбаев, Захира Бегалиева, Жұлдыз Данбаева, Арман Жансеңгіров, Ләззат Жылқыбаева, Шолпан Каринова, Асылхан Қожахметов, Ләззат Қожахметова, Дихан Қамзабекұлы, Динара Наумова, Наталья Рамазанова, Ажар Сағандықова, Екатерина Смолякова, Армангүл Тоқтамұрат.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті:

  • Константин Петров, Айжан Аймағанова, Арман Ақылбай, Мадияр Әмірғалиев, Гүлзира Атабаева, Дәурен Ахметжаев, Айрат Базенов, Нұркен Бақытбекұлы, Марат Башимов, Берік Беркімбаев, Евгений Больгерт, Александр Данилов, Нұрлан Дулатбеков, Снежанна Имашева, Дәулет Кәрібекм Мейрамбай Кемалов, Ерқанат Мұсылманбек, Мади Рымжанов, Аят Сүгірбай.

Қаржы және бюджет комитеті:

  • Айдарбек Қожаназаров, Кендебай Адамбек, Қайрат Айтуғанов, Гүлназ Атамқұлова, Аяужан Әшімова, Шалқар Байбеков, Бақтыбек Бибаев, Алмас Мухаметов, Бөріхан Нұрмұхамедов, Татьяна Савельева, Наурыз Сайлаубай, Елена Семидоцких, Тәттігүл Талаева, Илья Теренченко, Аббат Өрісбаев, Әсел Хаирова.

Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті:

  • Юрий Ли, Бекжан Айтқұлов, Ербол Данағұлов, Бегалы Ералиев, Нұрсадық Ергешбек, Ажар Қажыбекова, Арман Қалықов, Мейірхат Қасымбаев, Бахадыр Нарымбетов, Замир Сағынов, Ерлан Сайыр, Нұрбақыт Теңізбаев, Тұрарбек Тілемісов, Марат Шибутов, Мейраш Шынасилова, Станислав Щербаков.

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті:

  • Константин Авершин, Әсел Баденова, Шахмардан Байманов, Сатыбалды Бұршақов, Қарлығаш Жоманқұлова, Алмат Жөкебаев, Ақерке Искандерова, Юлия Кучинская, Дана Медеуова, Шерзод Пулатов, Максим Рожин, Айдос Сарым, Нұргүл Тау, Ирина Тен.

Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті:

  • Екатерина Смышляева, Ербол Адаев, Тілектес Адамбеков, Абай Алтай, Дидарбек Ділдәбек, Лаура Қарабасова, Владимир Киян ,Мақсұт Насибулов, Гүлісхан Нахбаева, Олжас Нұралдинов, Айсұлу Сүлейменова, Айжан Темірбаева, Рабиға Тоқсеитова, Ерлан Тоқшалық.

Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті:

  • Сұңғат Есімханов, Алмат Әбдікешов, Бекжан Әлімқұлов, Вадим Басин, Эрлан Батырбеков, Нұрайнаш Камалова, Серик Қожаниязов, Олжас Құспеков, Лариса Ли, Мұратбек Мұхамбедиев, Нұржан Ниязалиев, Шота Оспанов, Динара Райханова, Марат Себасов, Нұрлан Толыбаев, Мұса Хайруллиев, Махамбет Хасенов, Никита Шаталов, Ермекқали Юсупов.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 36-бабына сәйкес комитеттердің бірінің төрағасы оппозициядан ұсынылған депутаттар арасынан сайланады. Осы нормаға сәйкес Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы болып «Ауыл» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Серік Егізбаев сайланды.

Оқи отырыңыз: Құрылтай депутаттары ант беріп жатыр

Толық көрсету