Құжат жүзіндегі екпе: Қостанайда мыңдаған малға жалған вакцина салғандар әшкереленді

21.05.2026 15:11

Жалған вакциналауға жұмсалған 745 мың теңгеге жуық қаражат мемлекет бюджетіне қайтарылды

Қостанай облысында мыңдаған малға екпе тек құжат жүзінде салынған. Прокурорлар ветеринария саласындағы осындай заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қадағалау органы жалған вакциналанған 2 мыңға жуық мал басын және төрт-түлік санын негізсіз көбейтіп көрсетуге қатысты 500-ден астам деректі әшкереледі. Оған қоса, екі ветеринарлық пунктте шамамен 20 мың доза екпе арнайы термосалғышсыз тасымалданған. Сонымен қатар ветеринар дәрігерлер төлдерді егу мерзімдерін бұзып, қайта вакциналау кестесін сақтамапты. Тіпті препараттардың дозасын да дұрыс қолданбаған.

«Ветеринария саласында анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды. 8 лауазымды тұлға әкімшілік, 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалған вакциналауға жұмсалған 745 мың теңгеге жуық қаражат мемлекет бюджетіне қайтарылды», – деді прокуратураның ресми өкілі Нұрсұлу Пряхина.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші компанияға айыппұл салынды