Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші компанияға айыппұл салынды

Өндіріс өңір экологиясына зиян келтірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысындағы мұнай өндіруші компанияның бірі өңір экологиясына зиян келтірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Заңбұзушылық Солтүстік Бозашы кен орнын тексеру барысында анықталған. Табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, кәсіпорын бұрғылау жұмыстары кезінде табиғатқа қауіпті өндірістік қалдықтарды рұқсат етілген мөлшерден асырып жинақтаған. Осыған байланысты жер қойнауын пайдаланушыға әкімшілік хаттама толтырылып, жарты миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды.

«Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақталған лимиттен 513 тоннаға арттырған. Нәтижесінде аталған компания әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328 бабының 6-бөлігімен 474 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет пайдасына толық өндірілді», – деді Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары Жеңісбек Айтжанов.

Оқи отырыңыз: Жақын күндері Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Новости партнеров