Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшыларға берілетін сыйақы көлемі белгілі болды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазақстан құрамасы үшін алғашқы қаржылай нәтиже тіркеліп үлгерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында жүлделі орындармен қатар, төртінші және бесінші орын үшін де ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

7 ақпанда Қысқы Олимпиада-2026 ойындары басталып, жарыстармен бірге отандық спортшылардың сәтті өнері үшін қарастырылған мемлекеттік төлемдердің мөлшері жарияланды.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшыға 250 мың АҚШ доллары (шамамен 123,3 млн теңге) төленеді. Күміс жүлде иегерлері 150 мың доллар (шамамен 74 млн теңге), ал қола жүлдегерлер 75 мың доллар (шамамен 37 млн теңге) алады.

Ақшалай ынталандыру тек жүлдегерлерге ғана емес. Төртінші орын алған спортшыға 30 мың доллар (шамамен 14,8 млн теңге), бесінші орын иегеріне 10 мың доллар (шамамен 4,9 млн теңге) беріледі. Тіпті алтыншы орын үшін де сыйақы қарастырылған — 5 мың доллар (шамамен 2,47 млн теңге).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін мұндай алғашқы қаржылай нәтиже тіркеліп үлгерді. 3000 метр қашықтықтағы жарыста алтыншы орын алған конькимен жүгіруші Надежда Морозова тиісті сыйақыны алуға үмітті.

Оқи отырыңыз: Қысқы Олимпиаданың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті

Новости партнеров