Тәркіленген дериваттардың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытайға 620 ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленген дериваттардың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін.
Осы фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Оқи отырыңыз: Алматының жасыл желегі жаңа сәндік ағаштармен толықты