Қыз алып қашу — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін жабайы қылмыс — Мемлекет басшысы

20.01.2026 14:18

Президент еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс екенін атап өтті

Almaty.tv

Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қыз алып қашу — адам ұрлау деген сөз. Бұл — ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел жабайы қылмыс. Мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп — бәріне ортақ", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады