«Қыз Жібек» спектаклі Нью-Делиде өткен халықаралық театр фестивалінде сахналанды

18.10.2026 17:55

Қойылым қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, театр ұжымы қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытатын «Қыз Жібек» спектаклін сахналады. Қойылым режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан.

Фестивальдің ашылу салтанатына Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават қатысты. Ол шығармашылық ұжымдарға жылы лебізін білдіріп, халық арасындағы достықты нығайтудағы өнердің маңызына тоқталды және қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Халықаралық фестиваль театр ұжымы үшін қазақ сахна өнерін әлемдік деңгейде танытуға жәнк елдер арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

Толық көрсету