Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы

22.08.2026 17:15

Жасыл алманың құрамында қант пен калория мөлшері салыстырмалы түрде аз

Depositphotos.com

Қызыл және жасыл алманың адам ағзасына пайдасы мол. Алайда олардың құрамындағы кейбір зат жеміс қабығының түсіне байланысты ерекшеленеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы терапевт әрі диетолог Кэролин Ньюберри USA Today басылымына берген сұхбатында айтты.

Маманның айтуынша, жасыл және қызыл алманың құрамында жасұнық, С дәрумені мен калий бар. Сондай-ақ алманың екі түрінде де антиоксиданттар кездеседі.

Қызыл алманың құрамындағы антоциандар жүрек пен ми жұмысына пайдалы.

Ал жасыл алмадағы хлорофилл жасушалардың саулығын сақтауға ықпал етіп, тотығу стресін азайтады.

Сонымен қатар жасыл алманың құрамында қант пен калория мөлшері салыстырмалы түрде аз. Сондықтан көмірсуы төмен диета ұстанатын адамдарға осы алма түрін таңдаған дұрыс, деп атап өтті диетолог.

Маман қатаң түрде қант пен көмірсуды шектейтін диета ұстанатындарға жасыл алма жеуге кеңес берді. Сондай-ақ алманы қабығымен бірге тұтынған жөн. Себебі жасұнық пен антиоксиданттардың басым бөлігі оның қабығында болады.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты

Толық көрсету