Полиция департаменті мүрдеден ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді
Қызылорда облысында жоғалған 6 жастағы қыздың денесі Сырдариядан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Үш күн бұрын із-түссіз кеткен балақайдың үйі өзен жағалауына жақын орналасқан. Оның дария бөгетіне қарай кетіп бара жатқан сәті сол маңдағы кәсіпкерлік нысанының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Іздестіру жұмыстары су айдыны мен өзен жағалауында қатар жүрді. Өкінішке қарай, кішкентай қыздың денесін құтқарушылар қаладан 20-30 шақырым жердегі «Әйтек» су торабынан тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты Полиция департаменті мүрдеден ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
«Жалпы іздестіру жұмыстарына 495 адам жұмылдырылып, 17 техника, үш қайық одан басқа үш кинологиялық топтар қатысты. 7 маусым сағат 10:41-де қыздың денесі табылды. Жарақат ештеңе көрген жоқпыз», – деді ¤Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндірушілерге көліктерді соғуға рұқсат берілмейді – Бектенов