Қызылордада 28 млрд теңгеден астам қаржы заңсыз жұмсалған

07.08.2026 15:58

Өңірдегі 43 мекемеге жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталған

Қазынаның қаржысы – халықтың несібесі. Қызылорда облысында жарты жылда 28 миллиард 430 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.  Бұл деректі Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өңірдегі 43 мекемеге жүргізілген тексеру нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталған. Заңсыздықтардың басым бөлігі бюджет қаржысын игеру, мемлекеттік сатып алу талаптарын сақтамау және бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібіне қатысты тіркелді.

«28 млрд 430 миллион теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтардың 27 млрд 600 миллион теңгесі бюджетке өтелді және жұмыстар орындау жолымен қалпына келтірілді. Қалған 834 миллион теңге бойынша сот процестері, сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары, сот орындаушыларына беру және тағы басқа шаралар жүруде», – деді Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ербол Күзембаев.

Оқи отырыңыз: Өндірістегі қауіпсіздік: Қостанай облысында 56 жастағы жұмысшы көз жұмды

 

     

 

Толық көрсету