Өндірістегі қауіпсіздік: Қостанай облысында 56 жастағы жұмысшы көз жұмды

Еңбек заңнамасының сақталуын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында «Қазақтелеком» қызметкері өндірістегі жазатайым оқиғадан қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қайғылы жағдай Москалев ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, темір-бетон бағанын бөлшектеу жұмыстары кезінде тірек кенеттен құлап, жұмысшыны басып қалған. Ауыр жарақат алған 56 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Марқұм желілік-техникалық цехтың қызметкері болған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр. Сонымен қатар еңбек заңнамасының сақталуын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

«Арнайы комиссия қызметтік тексеру жүргізіп, қайғылы оқиғаға кімнің қандай деңгейде жауапты екенін анықтайды. Соның нәтижесінде жұмыс берушіге мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеуге бағытталған нақты талаптар мен міндеттер жүктеледі», – деді ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қостанай облысы департаменті басшысының орынбасары Бақыт Қашырбеков.

Оқи отырыңыз: Жедел жәрдем бригадалары жеті айда 5,2 млн шақыртуға қызмет көрсетті