Қызылордада азот оксиді құйылған шарлар сатылып келген: тергеу басталды

10.02.2026 16:17

Мамандардың айтуынша, аталмыш зиянды зат адамның жүйке жүйесіне едәуір зақым келтіреді

Қызылордадағы түнгі клубтардың бірінде азот оксиді құйылған шарлар ашық түрде сатылып келген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кезекті рейд кезінде арнайы жасақ иісшіл итпен бірге ғимарат ішін толық тінтіп шыққан. Нәтижесінде газ баллондары мен шар салынған полиэтилен пакеттер табылыпты. Мұнда демалушыларға шарға азот оксиді толтырылып, ұсынылады. Мамандардың айтуынша, аталмыш зиянды зат адамның жүйке жүйесіне едәуір зақым келтіреді.

«Рейдтік іс-шара барысында 4 дана есірткі затына ұқсас баллондар айғақ зат ретінде 5 дана полиэтилен пакетке салынған шарлар алынып, қазіргі таңда сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Темірхан Ахмет.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жоқ пәтерді жалға берген күдікті ұсталды