Шымкентте жоқ пәтерді жалға берген күдікті ұсталды

Полиция тұрғындарды интернет арқылы пәтер жалдау кезінде абай болуға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте баспана іздеген халық алаяқтың құрбанына айналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талдықорғандық әйел үй-күйсіз жүрген жандардың жағдайын пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беремін деп Шымкент тұрғындарынан ақша жинаған. Әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарындағы тартымды ұсыныстарға сенген азаматтар алаяққа алдын ала төлем жасаған. Алайда әккі боп алған әйел байланысқа шықпай қалған. Сондықтан да полиция тұрғындарды интернет арқылы пәтер жалдау кезінде абай болуға шақырады.

«Шымкент қаласының ПД қызметкерлерімен жедел іздестіру шарасы барысында интернет алаяқтағы жайтына қатысы бар күдікті ұсталды. Талдықорған қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер мен танымал хабарландыру сайттары арқылы пәтерлерді жалға берумен айналысқан. Оның 4 алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталып, қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Мақсат Шегірбай.

Оқи отырыңыз: Таиландта аяғынан айырыла жаздаған балаға елге ота жасалды

Новости партнеров