Қызылордада кәмелетке толмаған баласына рөлді берген анаға айыппұл салынды

02.12.2025 16:58

Анасы баласының  әрекетіне тосқауыл қоймаған

Almaty.tv

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көлік жүргізу құқығы жоқ кәмелетке толмаған баласына рөлді беріп қойған азаматша К.-ге қатысты істі қарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімшілік хаттамаға сәйкес, азаматша К.-ның жасөспірім ұлы Қызылорда қаласында автокөлік жүргізген. Оның көлік басқаруға құқығы жоқ болғанына қарамастан, анасы баласының бұл әрекетіне тосқауыл қоймаған.

"Сот бұл жағдайды ата-ананың кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамауы деп бағалап, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша азаматша К.-ны кінәлі деп таныды. Сот қаулысымен оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды", — делінген сот таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: МӘМС: аудандық ауруханада күрделі ота жасалды