Қызылордада қызын аңдыған өгей әке ұсталды

Полиция осыған ұқсас сталкингке қатысты тағы 5 деректің болғанын растап отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада қыз баланы аңдыған қала тұрғыны қамауға алынды. Жәбірленуші өзін өгей әкесі ізінен қалмай аңдып, мазалап жүргені туралы полицияға арызданған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, қамауға алды. Полиция осыған ұқсас сталкингке қатысты тағы 5 деректің болғанын растап отыр. Күдіктілер жәбірленушілермен бұрын-соңды таныс болған. Көп жағдайда қарым-қатынас үзілгеніне қарамастан, олар түрлі нөмірден қоңырау шалып, хабарламалар жазған. Тіпті үйі мен жұмыс орнына барып, тыныштықты бұзу, қудалау әрекеттерін тоқтатпаған

«Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері сталкингтің 6 дерегінің жолын кесті. Алты жағдайда да да күдіктілер жәбірленушілермен бұрын-соңды таныс болған. Қыз балалар мен әйелдердің қарым-қатынастан бас тартқанына қарамастан ер адамдар оларды аңдып, байланыс орнатуға тырысқан. Күдіктілер жедел түрде ұсталып, қылмыстық істер сотқа жолданып, соттың үкімімен қамауға алынды», – деді ОПД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Бауыржан Сәулебеков.

Оқи отырыңыз: БҚО-да қызылша 50-ден астам адамнан анықталды

 

 

 

Новости партнеров