БҚО-да қызылша 50-ден астам адамнан анықталды

Өткен жылы осы кезеңде 21 жағдай тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

БҚО-да қызылша өршіп тұр. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе алмаған балалар. Жауапты мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде қызылша 50-ден астам адамнан анықталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ал өткен жылы осы кезеңде 21 жағдай тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша,  қызылша кезінде ауыр асқынулар да болуы мүмкін. Пневмонияға ұласып, құлақ пен көз қабынып, бөртпелер жағдайды нашарлатуы ықтимал. Уақытылы екпе алу – қызылшадан қорғанудың жалғыз тәсілі.

«Қызылша жұқтырған 50 азаматтың 46-сы – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың дені – екпе алмағандар. Дертке шалдығудың негізі себебі – вакцинадан бас тарту.  Ал кейде екпе салуға болмайтын жағдайлар кездеседі, яғни кей азаматтардың медициналық қарсы көрсетілімі болады», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.

Оқи отырыңыз: Рамазанға 6 күн қалды: ұйқыны қалай қысқартуға болады

Новости партнеров