Дәрігерлер ауру адамның көру, есту қабілетіне әсер етіп, тіпті салдары ми ісігіне дейін алып келуі мүмкін деп отыр
Павлодар облысында қызылша ауруына шалдыққандардың 92 пайызы - екпе алмағандар. Биыл қауіпті дертті 67 адам жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv
Қазір өңірде эпидахуал тұрақталған. Дегенмен, мамандар қауіпсіздік шараларына аса мән беріп отыр. 14 жасқа дейінгі жеткіншектер әлі де індетті жұқтыру қаупі басым топтар қатарында. Кей ата-аналар балаларының екпе алуына түбегейлі қарсылық танытуда. Дәрігерлер ауру адамның көру, есту қабілетіне әсер етіп, тіпті салдары ми ісігіне дейін алып келуі мүмкін деп отыр. Сондықтан науқас балалармен қарым-қатынаста болған, бірақ вакцина салдырмаған бүлдіршіндер балабақша мен мектепке жіберілмеген.
«Олар уақытша білім ордаларынан шеттетілген. Себебі бұл балақайлар науқас балалармен қарым-қатынаста болған. Инкубациялық кезең 21 күн. Ол уақыт аяқталды. Қашықтан оқыған балалардың бәрі қазір мекепке келіп жүр», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқушыларға арналған жаңа оқулықтар шығарылады