Жүргізуші куәлігін аламын деушілер медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығына тасып әуреленбейді. Құжат автоматты түрде жүйеге жүктеледі. Тиісінше, барлық мәліметтер цифрлы түрде тексеріледі. Мамандардың айтуынша, жаңашылдық өтінішті жылдамырақ қарауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға, куәлікті алу процесін жеңілдетуге көмектеседі. Өзгеріс тағы нендей қатерден сақтайды? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әсет Тұрғымбаев жауап береді.
«Азаматтарға арналған өкімет және оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің сәйкестіруіне байланысты қазіргі таңда медициналық справкаларды қағаз түрінде алып келудің қажеті жоқ. Оның бәрі жүйеде автоматты тұрғыда орналасқан. Болашақта жалған анықтама алып келу жойылады».
– Орталықтарға тағы нендей жаңалықтар енгізіліп жатыр? Қосымшалардың жұмысына тоқталсаңыз?
«Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталығында биометрия енгізілді. Демек, үшінші адам келіп, қызмет ала алмайды. Қызмет алушының өзі болуы тиіс. Электронды кезекті қағаз түрінде ала алмайсыздар. Қосымшадағы QR арқылы кезекке тұрады. Биылғы жылдан бастап «дербес менеджер» деген қызмет іске қосылды. Менеджер дегенді атап өтетін болсақ, кезектен тыс ақылы түрде, қызмет ала аласыз. Мегаполис болғандықтан, уақытыңызды үнемдейді»
Оқи отырыңыз: Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан: теміртаулық балалардың бейнежазбасы тарады