Жүріп бара жатқан көлікке жармасқан: теміртаулық балалардың бейнежазбасы тарады

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теміртауда жасөспірімдер қозғалыстағы көлік артына жабысып, жолда өмірлерін қатерге тікті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысында кәмелетке толмаған үш баланың жолда кетіп бара жатқан ГАЗель автокөлігіне жармасып, жол бойымен қозғалған сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзумен қатар балалардың өміріне елеулі қауіп төндірген.

"Жедел түрде жүргізілген тексеру нәтижесінде оқушылардың жеке тұлғалары анықталды. Олар 10-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары болып шықты. Барлық бала заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді", - делінген хабарламада.

Балалардың ата-аналарына қатысты бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған іс бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар жасөспірімдер мектепішілік есепке алынатын болады.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысын бақылауда ұстаудың және оларды жолдағы қауіп-қатерден сақтандырудың маңыздылығын еске салады. Мұндай немқұрайлық қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.
 Оқи отырыңыз: Бөбекжайда бүлдіршінді ұрған маман қамауға алынды

Новости партнеров