Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады

03.10.2024 в 13:39

Биылғы мереке күні жұмаға сәйкес келіп тұр

коллаж Almaty.tv

Қазақстандықтардың күздің екінші айында қанша күн демалатыны белгілі болды. 2024 жылы қазақстандықтар Республика күнін 25 қазанда атап өтетіндіктен, жалпы 9 күн демалыс болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республика күні мерекесі яғни 25 қазан жұмаға сәйкес келіп тұр.

Бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан жұмыс күні демалып, 26 қазан жұмыс күні. 27 қазан қайта демалады. Ел тұрғындары 2024 жылдың қазан айында 9 күн демалады.  

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

  • 1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;
  • 5 қазан – Мұғалімдер күні;
  • 6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;
  • 10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;
  • 16 қазан – Нан күні;
  • 19 қазан – Құтқарушылар күні;
  • 20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
  • 24 қазан – Кітапханашылар күні;
  • 27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;
  • 29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;

Оқи отырыңыз: Қазан айында ауа райы қандай болады