Қазақстанда полиция кибершабуылдар мен алаяқтыққа қалай қарсы күреседі

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Алаяқтық әрекеттердің алдын алу — полицияның басты тәсілдерінің бірі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мерекелік күндер аяқталғанына қарамастан, алаяқтардың белсенділігі азайған жоқ. Құқықбұзушылар азаматтардың сенімін және заманауи технологияларды пайдаланып, жаңа алдау тәсілдерін қолдануды жалғастырып жатыр. Осыған байланысты, қылмыстың алдын алу полицияның басты міндеттерінің бірі болып қала береді,, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алаяқтық фактілерінің алдын алу мақсатында киберполиция қызметкерлері Талдықорған қаласындағы көпшілік жиналатын жерлерде профилактикалық акция өткізді. Полицейлер сауда-ойын-сауық орталықтары мен қала орталық көшелерінде болып, ең көп кездесетін алаяқтық схемаларды сипаттайтын ақпараттық брошюралар таратты. Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты — халықты хабардар ету. Азаматтар неғұрлым көп ақпарат алса, алаяқтардың айласына ілікпеу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Сонымен қатар, полицейлер тұрғындарға банкоматтар жанында арнайы полиция қызметкерлерінің макеттері орнатылғанын еске салды. Ондағы QR-код арқылы алаяқтықтан қорғану жолдары мен күдік тудыратын жағдайларда әрекет ету алгоритмі туралы өзекті ақпарат алуға болады. Жетісу облысында алаяқтық пен кибер алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.

Полиция азаматтарды абай болуға, жеке деректерді бөтен адамдарға бермеуге және күдік туғызатын фактілерді уақытылы хабарлауға шақырады.

Новости партнеров