Медициналық көмекті үй жағдайында алуға тағы кімдер құқылы?
Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Жасы 65-тен асқандар да жүріс-тұрысы қиындаған жағдайда маманды үйге шақыра алады.
Сондай-ақ учаскелік медбике немесе фельдшер:
— шақыру кезінде сырқаттың дене температурасы 38°C болса;
— жағдайының қатты нашарлауынсыз қан қысымының жоғарылауында;
— медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйлер, аурулар, жарақаттар (есін жоғалтпай, қан кету белгілері жоқ, жай-күйінің кенеттен нашарлауы болмағанда) үйге келіп, қызмет көрсетеді.
Ал учаскелік дәрігерді үйге:
— шақыруды қабылдау кезінде емхана тіркеушісі, учаскелік медбике немесе үйде дәрігерлік қарауды талап ететін шақыруға қызмет көрсеткен фельдшер бағалаған жағдайда;
— вакцинациядан кейінгі жағдай нашарлағанда шақыруға болады.
Бұған дейін Қазақстанда кімдерге пластикалық ота тегін жасалатындығын жазған едік.
Оқи отырыңыз: Өрт сөндірушілер кәсіпкерлердің мүлкін өрттен сақтап қалды