Атырауда 25 жастағы атпалдай азамат ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол салған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Белгілі болғандай, ер бала алдымен ұйықтап жатқан әкесін бауыздап, сосын анасын ауыр темір затпен ұрып, пышақтап тастапты. Артынан өзі асылып қалған. Қазір полиция адам өлтіру және өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Әзірге жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз.
"Атырау облысы Полиция департаментінде адам өлтіру дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда мәселенің мән жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды", – деді Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқи отырыңыз: Ұрлық түбі - қорлық: Түркістан облысында полиция күдіктіні құрықтады