Ұрлық түбі - қорлық: Түркістан облысында полиция күдіктіні құрықтады

Polisia.kz
Polisia.kz

Жас жігіт дәмханаға жасырын кіріп, кассадағы ақша мен қызметтік телефонды жымқырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында полиция ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайрам аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері асханадан ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жас жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, жас жігіт жәбірленушінің бұрынғы жұмыс істеген қызметкері болып шықты. Ол кезінде дәмханада міндетін атқарып жүрген уақытта жұмыс берушісінің кассада қомақты сомада ақша барын білген. Түнгі уақытта жас жігіт дәмханаға жасырын кіріп, кассадағы ақша мен қызметтік телефонды жымқырған. Содан оңай жолмен келген ақшаны жаратып жіберген. Полицейлер қолды болған телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Polisia.kz.

Новости партнеров