Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» синоптиктерінің айтуынша, бірнеше өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Тіпті елдің біраз бөлігінде қар жауып, тұман түсуі де ықтима. Күннің суытуы немен байланысты? «Алматы» телеарнасының студия қонағы «Қазгидрометтің» инженер-синоптигі Ырыскүл Кеңшіліктен сұрап білсек.
– Ырыскүл ханым, алдағы күндері еліміздің қай өңірлерінде суық болады?
«Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде ауа райының төмендейді. Соның ішінде батыс, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарын ерекше атап өтейін. Бұл өңірлерде түнгі уақытта 2-3 градусқа дейінгі аяз болуы мүмкін. Елімізде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз күйі сақталмақ. Негізгі себебі – әдетте суық алып келетін солтүстік-батыс антициклонның енуі».
Оқи отырыңыз: Алматыда 14-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болады