Қарағанды облысында 43 ұйым электр тоғынан ажыратылды

07.11.2024 19:33

Өңірдегі ахуалға байланысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел штаб отырысын өткізді

Қарағанды облысында ауа райы екінші күн қатарынан тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Екпіні қатты жел ғимараттардың шатырын қиратып, электр сымдарын үзген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балқаш пен Приозерск қалаларынан басқа аймақтарда бірінші ауысымда оқитындар үшін сабақ тоқтатылды. Өңірдегі ахуалға байланысты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел штаб отырысын өткізді. Ал кеше түнде қаланың бірнеше көшесі жарықсыз қалды. 1450 абонент пен 43 ұйым электр тоғынан ажыратылды. Таңертең нен бастап «Қарағанды Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары желілерді жөндеу жұмысына  кірісті.

"Ауа райының нашарлауына байланысты боран, қатты жел секундына 30 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысының кейбір елдімекендерінде электрмен жабдықтау ажыратылды. Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру бригадалары жұмыс жүргізуде. Электр тогына басым бөлігі қосылды. Облыстың тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Жиында әкімдік барлығы қалпына келтірілетінін жеткізді. Электрмен жабдықтау жағдайы бақылауда", – деді ТЖД бастығының орынбасары Роллан  Есмағанбетов.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды