Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты

13.06.2025 14:17

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

polisia.kz

2 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы облыс тұрғыны дәрігерлермен сөзге келіспей қалып, соққыға жыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылмақ», — делінген ақпаратта.

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті — қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай болып табылады.

 Оқи отырыңыз: ШҚО-да жасөспірім бала Ертіс өзеніне батып кетті