Қарағанды облысында көлік теміржолға шығып кетіп, үш адам мерт болды

Depositphotos
Depositphotos

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан көз жұмды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында көлік теміржолға шығып кетіп, үш адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол апаты туралы мәліметтер құқық қорғау органдарына жолданды.

"2025 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 00:54-те Ақадыр-Қарағанды учаскесінде Жарық-Дария жол аралығында күзетілмейтін теміржол өткелінде жолаушылар пойызы сағатына 92 км жылдамдықпен келе жатып, алдына Mazda маркілі жеңіл көлігінің шығуына байланысты тежегішті басқан. Өкінішке қарай, пойыз жеңіл көлікті қағып өтті",- делінген компанияның хабарламасында.

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан мерт болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады және барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәуекел деңгейі арта түсетін түнгі уақытта ерекше мұқият болу қажет",- делінген«ҚТЖ» хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қоқыс полигонындағы өртті сөндіру жұмысы тәулік бойы жалғасып жатыр

 

Новости партнеров