Қайғылы оқиға монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған
Жаңадан салынып жатқан зауытта жұмысшы қаза тапты. Полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі CMN.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болды. Мердігер компанияның жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша Еңбек инспекциясы жөніндегі департамент комиссия құрып, полиция қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.
"Салынып жатқан Qaragandy Power Silicon зауытындағы қайғылы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі, яғни «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ бірқатар қажетті сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала туралы жаңа ақпарат айтылды