Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды

03.11.2024 17:50

Қазақстандық хоккейшілер үшінші ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті

Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Шайбалы хоккейден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық хоккейшілер үшінші ойында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Қарсылас біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында сынға түсіп жүр. Сондықтан кездесу барысында құрамалар жеңіске жетуге бар күшін салды.

"Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер екінші кезеңнің соңына дейін үш гол айырмасымен басым болып тұрды. Алайда үшінші кезеңде қарсыластар таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша кездесу 4:4 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллиттен қазақстандық Оразбаева соққан гол құрамаға жеңіс алып келді", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, ел құрамасы бұған дейін Қытайдан 0:5, Жапониядан 0:8 есебімен жеңіліп қалды. 

Құрлықтық дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында өтті.

Қазақстан әйелдер құрамасы ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Арина Щеколова («Томирис», Астана), Полина Говтва («Айсұлу», Алматы)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы - "Томирис", Астана), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі - "Торпедо", Өскемен) Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (барлығы - "Айсұлу", Алматы)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы – "Айсұлу"), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхақкызы (барлығы – "Торпедо"), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александа Шегай (барлығы – "Томирис").

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы әлемдік мәнерлеп сырғанау тарихына енді