Қарағанды облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты

17.10.2025 20:38

Көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілді

Depositphotos.com

Қарағанды – Астана тасжолында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тергеу мәліметінше, «Toyota Estima» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарағанды бағытына қарай келе жатып, алдында келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің артқы бөлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Ал көліктегі жолаушы ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты шамадан тыс асырмауға және жолда барынша сақ болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: Адам өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды